Халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция

2023 жылғы 22-23 қыркүйек
Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар
құттықтау сөзі
  • ҚазКАҒЗИ Бас директорының құттықтау сөзі

    Ботабекова Тұрсынгүл Көпжасарқызы
    Қазақстан офтальмологтар қоғамының президенті,
    м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
    ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
    ҚРМУ офтальмология кафедра меңгерушісі


    Қазақстандық офтальмологтар қоғамы және еліміздің Alma-mater Қазақ көз аурулары ҒЗИ мыңдаған түлектері Сіздерге жалынды сәлем жолдап, келе жатқан 90-жылдық мерейтоймен құттықтаймыз!


    Болашақты болжамас бұрын тарихқа тағзым еткеніміз абзал болар. Ол да бір тарихи кезең. Осындай ұзақ ғұмыр кешкен қасиетті қара шаңырақтың 15 жыл ғұмырының жауапкершілігі маған жүктелген еді. Кешкен дәуреннің бәрі бірдей мүлтіксіз таң алдында көрген түстей керемет өтті десем ақиқатқа қиянат болар. Бұл кезеңде Қазақ көз аурулары ҒЗИ халықаралық конгресстерге белсенді қатысты, әлемдегі ең үздік клиникалармен ынтымақтастық орнатылды, ең озық технологиялар енгізілді, қызмет көрсету стандарттар, клиникалық хаттамалар әзірленді және офтальмологиялық қызметті қамтамасыз етудің бірыңғай көп деңгейлі жүйесі құрылды. Қазіргі таңда институт мамандары көшбасшылардың ісін абыроймен, жоғары деңгейде жалғастырып, Отанға қызмет етуде...


    90 жыл бойы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері маңызды медициналық, әлеуметтік, білім беру және үйлестіру миссиясын орындап, офтальмология ғылымы мен клиникаға қызмет етуде, ұрпақтардың даналығы мен тәжірибесін сақтап, елдегі офтальмологиялық қоғамдастықтың барлық мүшелер үшін қарым-қатынас алаңы ретінде әрекет етіп, жаңа инновациялық жобалардың бастамашысы ретінде орын алып отыр.


    Осы жылдар ішінде жүздеген офтальмологтар кәсіби шеберлік мектебін аяқтады. Олардың көпшілігі бүгінде клиникалардың жетекшілері мен жетекші мамандар, белгілі ғалымдар, профессорлар, ғылым докторлары.


    Мерейтой қарсаңында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының ұжымына шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер, еліміздің өркендеуі жолындағы ғылыми шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілеуге рұқсат етіңіздер!


    2023 жылдың 22-23 қыркүйегінде өтетін мерейтойлық конференцияда кездескенше!


КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Қазақ көз аурулары ҒЗИ-нің 90 жылдығына арналған "офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар" атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Биылғы жылы конференция мерейтойлық күнге – Қазақ көз аурулары ҒЗИ құрылғанына 90 жыл толуына орайластырылды. Институттың тарихы 1933 жылы 25 төсектік Алматы көз ауруханасы ҚазКСР Халық денсаулығы халық комиссариатының аймақтық ғылыми-зерттеу офтальмологиялық институтын қайта құрған кезде басталды.

Қазіргі уақытта, өткен жылдардағыдай, институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары әлеуметтік маңызы бар офтальмопатологиядан соқырлық пен нашар көруді азайтуға, жоғары білікті медициналық кадрларды даярлауға, мамандандырылған офтальмологиялық көмекті жетілдіруге және республика халқының кең тобына жақындатуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу болып табылады.

Іс-шараға Қазақстанның офтальмологтары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің жетекші офтальмологтары қатысады.

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ОФТАЛЬМОЛОГИЯДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ:

Конференция онлайн қосылу мүмкіндігімен гибридті форматта өтеді
Клиникалық жағдайлардың, офтальмохирургиядағы стандартты емес жағдайлардың бейне-сессиясы, сондай-ақ постерлік баяндамалар жоспарланған.

Мақалалар Қазақ көз аурулары ҒЗИ құрылуының 90 жылдығына арналған Қазақстанның офтальмологиялық журналының арнайы санында жарияланады.

Дәстүрлі түрде конференция аясында медициналық жабдықтар мен өнімдердің мамандандырылған көрмесі өтеді, оған жетекші отандық және шетелдік медициналық және фармацевтикалық компаниялар қатысады.
ұйымдастыру комитеті
өткізілетін күні мен орны






2023 жылғы 22-23 қыркүйек,
Алматы қ., "Бақшасарай" салтанат үйі,
Тимирязев көшесі, 42 к1
қатысушыларға
Негізгі күндер:
  • тыңдаушы ретінде онлайн тіркелу 01.08.2023 ж. дейін;
  • баяндамашы ретінде онлайн тіркелу 01.03.2023 ж. дейін;
  • мақалаларды қабылдау 01.05.2023 ж. дейін
  • постерлік баяндамаларды қабылдау 01.06.2023 ж. дейін
  • пбейнесессияға бейнематериалдарды қабылдау 01.06.2023 ж. дейін
    қатысу шарттары
    талаптар
    Назад
    қонақ үйлерде орналастыру
    Мекен - жайы: Тимирязев көшесі, 42
    Конференция өтетін жерге дейінгі қашықтық - 250 м
    "Стандарт" санатын бір орынды орналастыру кезіндегі құны - 50 000 тг.
    Сіздерге конференцияны ұйымдастыруда және серіктес ретінде қатысуда ынтымақтастық ұсынуға қуаныштымыз
    серіктестерге
    "Құрмет белгісі" орденді көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС


    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 95а (Байтұрсынов көшесінің қиылысы)

    Тел. +7 747 905 25 20 ,
    +7 702 377 7735
    байланыс
    Тыңдаушылар, спикерлер, демеушілер, экспоненттер конференциясына қатысуға қатысты мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер менеджменті бөліміне хабарласыңыз.